
2025 жылғы 12 қазанда Қостанай ауданының Ульянов ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
Қостанай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Қостанай ауданының Ульянов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 316 сайлаушы енгізілді, олардың 257 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байжакупов Н.К. – 218; Дербуш Е.А. – 19; Закиров А.Б. – 15.
Ульянов ауылдық округінің әкімі болып Байжакупов Нуржан Кунтуарович сайланды, 1982 жылы туған, Қостанай ауданының Ульянов ауылдық округінің әкімі, Қостанай ауданының Ульяновка ауылда тұрады, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылды.