eGov.kz порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады

eGov.kz порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады

eGov.kz порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады👨🏻‍💻

Ағымдағы аптаның соңында Қазақстанда кірістер мен мүлік туралы электрондық декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) eGov.kz порталының көмегімен ұсына алады.

❗️270-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы Декларацияны азаматтар активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-нысан) тапсырғаннан кейін ғана ұсына алады. 270.00 декларациясын 15 қыркүйекке (қоса алғанда) дейінгі мерзімде ұсыну қажет.

💡Декларацияда төлем көзінен салық салынатын кірістер, сондай-ақ шетелде мүліктің болуы (жылжымайтын мүлік, көлік, шетелдік компаниядағы үлестер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары және тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері) көрсетілуі қажет.

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау қызметіне eGov.kz порталы арқылы өтінім беру нұсқаулығы карусельде⬆️

*Сондай-ақ декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында «Салық төлеуші кабинеті» арқылы ұсынуға болады.