Хабарлама

Хабарлама

Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Конкурстық ұсыныстар әлеуетті жер пайдаланушылардың кешенді тиімділігін ескеруге мүмкіндік беретін бірқатар негізгі критерийлер бойынша бағаланатын болады:

- жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға инвестициялардың болжамды көлемі;

- ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың болуы;

- ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы;

- ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы;

- аквамәдениеттің болжамды көлемі (аквамәдениетті жүргізу жобалары үшін ауыл шаруашылығы жерлері берілген жағдайда).