Қостанай облысында полицияның жаңа форматтағы ерекше акциясы өтті.

Қостанай облысында полицияның жаңа форматтағы ерекше акциясы өтті.

Қостанай облысында полицияның жаңа форматтағы ерекше акциясы өтті.

Облыс орталығының көшелерінде, тіпті қала сыртында да тұрғындардың назарына ерекше автобус ілінді. Жолаушылардың орнына – полиция қызметкерлері, ал соңғы аялдаманың орнына – тұрғындардың сұрақтары. «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында тәртіп сақшылары көшпелі қабылдау өткізді.

Мақсат — халықпен ашық диалог орнату, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және өзекті мәселелердің шешімін іздеу.
— Тұрғындардың көпшілігі учаскеге немесе бөлімшеге келе бермейді. Ал мына формат — күнделікті ортада: көшеде, дүкеннің қасында, жол бойында – тікелей сөйлесуге мүмкіндік береді. «Жолдағы қабылдау» халықтың пікірін тыңдап қана қоймай, жақын болуға да көмектеседі, — деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мақсұт Ералиев.

Қаладан трассаға дейін

Мобильді қабылдау автобусының бағыты алдын ала ойластырылды: алдымен ол Қостанайдың орталығында болып, кейін «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» автожолына шығып, ірі супермаркеттердің қасында аялдады. Полицейлермен бірге №19 мектептің жас жол инспекторлары да жүрді. Олар жүргізушілерге жол ережелерін еске салып, әңгімелерге қатысып, жадынама таратты.

Акцияға қызығушылық жоғары болды. Алғашқы сағаттардың өзінде-ақ полицейлерге 13 адам жүгінді. Тұрғындар түрлі тақырыпта сұрақтар қойды. Мәселен, жаяу жүргіншілер өткелін орнатудан бастап, мототехниканы тіркеу мен көлікті қайта жабдықтауға дейін.

Кері байланыс маңызды

Қостанай тұрғыны Асылжан бұл күні полицияға жүгінуді жоспарламаған, бірақ автобусты көріп, тоқтап сұрақ қойды.

— Көліктер бағдаршамды айналып өту үшін біздің аула арқылы жоғары жылдамдықпен өтеді. «Жасанды кедергіні» қоюға бола ма деп сұрадым, себебі балалар үшін қорқамыз. Шынымды айтсам, бұлай мән берер деп ойламап едім. Бәрін жазып алды, тексеріс жүргізетінін айтты.