Баланы ашық терезеден қорғаңыз!
Кішкентай балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз.
Терезе сыртындағы көрініс олар үшін өте қызықты болуы мүмкін.
Сондықтан да:
✅ Баланың өз еркімен аша алатын терезесі бар бөлмеде жалғыз қалуына жол бермеңіз.
✅ Терезе алдына қойылған жиһазды (төсек, орындық, үстел) алып тастаңыз — олар терезеге шығуға «баспалдақ» болады.
✅ Масаға қарсы торға сенбеңіз — тіпті сапалы тор да баланың салмағына шыдамайды.
✅ Терезеге қорғаныс блокиратор орнатыңыз.
Бала қауіпсіздігі — ересектердің қырағылығына байланысты.
Қарапайым алдын алу шаралары — өмір сақтайды.