🌳"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ "Үздік аула"байқауын жариялайды.Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Ол үшін үйіңіздің жанындағы абаттандырылған аумақтың суретін +77774425761 нөміріне жіберу қажет. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1 тамызға дейін қабылданады.
Байқауға өз үйінің жанындағы аумақты абаттандырумен және көгалдандырумен айналысатын кез келген тұрғын қатыса алады.
Конкурс жеңімпаздарын комиссия анықтайды. Бірінші орынға аула аумағын абаттандыруда барынша белсенді болатын адам ие болады. Сыйлық ақшалай сыйақы!
Әрі қарай, жеңімпаз аудан көлемінде жарысады!