2025 жылғы 19 мамырда Тобыл қаласында халықтың ақпараттық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кездесу өтті. Қостанай аудандық полиция бөлімінің криминал полициясының қызметкері, полиция капитаны Ерденов Т.Е., жалпы білім беретін №1 мектептің ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты — интернеттегі қазіргі заманғы қауіптер туралы ақпараттандыру және олардың алдын алу жолдарын түсіндіру болды.
Кездесудің тақырыбы — интернет алаяқтық — ересектердің жиі кездесетін өзекті мәселелерінің бірі. Кездесу барысында алдамшы схемалардың кең таралған түрлері қарастырылды: «банк қызметкерлерінен» қоңыраулар, жалған инвестициялық ұсыныстар, алаяқтық интернет-дүкендер және басқа да киберқылмыстар. Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау шаралары мен интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша кеңестер берілді.
Ата-аналарға желіде сақ болу қажеттілігі ескертіліп, жеке мәліметтерді ашудан сақтану және күмәнді ұсыныстарға сенбеу туралы айтылды. Сондай-ақ, алаяқтық схемаларды тану әдістері мен күдікті әрекеттер болған жағдайда әрекет ету жолдары талқыланды.
Бұл іс-шара Қостанай аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен психологтар қауымдастығы жүзеге асырған интернет алаяқтық пен қаржылық пирамидалардың алдын алу жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл жобаның мақсаты — халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, желідегі жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және ересектер арасында киберқылмыстың деңгейін төмендету.
Осындай кездесулер интернетті қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, ата-аналарға мүмкін болатын қауіптерге дайын болуға көмектеседі, бұл отбасы мен қоғамның қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді.