Міндеттері:
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясын іске асыру, елдегі мемлекеттік, әлеуметтік - экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Өкілеттіктер:
құқық:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
міндеттері:
1) аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беру;
2) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Функциялар:
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;
3) өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
4) өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
5) органдарымен өзара іс - қимыл, жергілікті өзін - өзі басқару;
6) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдары жоқ жерлерде нотариаттық іс - әрекеттер жасауды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111113, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный ауылы, Ленин көшесі, 6.
Қабылдау бөлмесі: 8 (71455) 66-6-10
Электрондық пошта: kost.ozernyi.kz@mail.kz