Бұл ерлік пен батылдықтың, патриотизмнің мерекесі. Отанды қорғау - абыройлы әрі маңызды миссия. Бүгінде азаматтар Қарулы Күштер қатарында адал қызмет етіп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, заң мен тәртіпті сақтап, БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысып жүр.
Қорғаушы болу – бұл тек әскери киім киіп, қару ұстау емес. Бұл – әрдайым көмекке келуге дайын болу, тірек болу, қиын сәттерде табандылық таныту.
Отан қорғаушы күні құтты болсын! Әскерде, жұмыста, өмірде ел тыныштығын күзетіп жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Еліміз өркендей берсін!