
2025-2027 жылдары елімізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара отырып, белсенді іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
«AMANAT» партиясының 2003-2007 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері іске асырылуда. Ол ауылдағы кадр тапшылығы проблемасын шешуге арналған. Негізгі мақсат – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласына, сондай-ақ жергілікті жерлердегі мемлекеттік басқару органдарына дипломды мамандарды тарту.
Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады:
Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт - ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.
2023 жылғы 1 сәуірден бері жобаны іске асыру жөніндегі агент «Отбасы банк» АҚ. Цифрландыру мақсатында өтінім беру мен кредит алудың барлық процесі Baspana Market — otbasybank.kz/programm-bank платформасында толықтай автоматтандырылған.
Жобаны іске асырудың 2009-2024 жылдардағы нәтижесі мынадай:
• 114 мыңнан астам маман 23,6 млрд теңгеге көтерме жәрдемақы алды;
• 52 мыңнан астам маман 189,5 млрд теңге сомасына бюджеттік кредитті пайдаланды.
Біржолғы көтерме жәрдемақы алушылардың құрылымы:
Тұрғын үй кредитін алушылардың құрылымы: