Бүгін христиандардың басты мейрамдарының бірі – Пасха. Биыл оны барша христиандар қауымы 20 сәуірде атап өтеді.
Пасха – мейірімділікке, қуанышты кездесулерге толы ерекше мереке. Бұл күн адамдарды бір-біріне жақындастырып, жылылық сыйлайды, жақсылыққа үндейді. Үйлерде дәмді тағамдар дайындалып, мерекелік көңіл-күй орнайды.
Әр шаңыраққа құт-береке, бақыт, амандық тілейміз. Игі бастамаларыңыз табысты болсын!