Қостанай ауданының Озерный  ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі

Қостанай ауданының Озерный  ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі

Қостанай ауданының Озерный  ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі

 

  1. Жалпы жағдай

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

«Қостанай ауданының Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтердің  6 түрін көрсетеді:

«Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту ».

Қызмет алу процесін жеңілдету мақсатында мекемеде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда әрбір клиент электрондық қызметті дербес немесе маманның көмегімен ала алады.

2025 жылы 21  мемлекеттік қызмет көрсетілді:

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»  16 қызмет;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 5 қызмет;

 

  1. Қызметалушылармен жүргізілген жұмыс

Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендтерде орналастырылған.Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік мекеме қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілген.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет

Халыққа ХҚКО және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру белсенді жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат Instagram аккаунт парақшасында жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау

         Жоғары тұрған органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

         Өтініш берушілер мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

        

  1. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қызметалушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары

Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективаларына жатады:

-мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.

 

 

Озерный  ауылдық округі  әкімінің м.а.                                          О.Валиева