Биыл еліміз қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, композиторы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын атап өтуде. Абай мағынасы терең және тілі бай шығармаларында еңбекке, білімге, рухани дамуға шақырды.
Абай 170-ке жуық өлең, поэма мен «Қара сөздер» жазып, 56 аударма жасады. Оның аудармаларының арқасында әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік туды.
Мереке құтты болсын!