Қостанай облысында «Үлгілі ауыл» конкурсын

Қостанай облысында  «Үлгілі ауыл» конкурсын
  1. Жалпы ережелер

 

1.1.ОсыЕреже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023жылғы28наурыздағы№270қаулысыменбекітілгенҚазақстанРеспубликасыныңАуылдықаумақтарындамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына, Қазақстанныңэкологиялықмәдениетіндамытутұжырымдамасынажәне«ТазаҚазақстан» республикалық экоакциясын іске асырушеңберіндеәзірленді.

1.2.ЕрежеҚостанайоблысының ауылдарменкенттерарасындағы«Үлгіліауыл»конкурсын (бұдан әрі –Конкурс)өткізумақсаттарыменміндеттерін,тәртібінжәнеқаржыландырудыайқындайды.Конкурс жыл сайынөткізіледі.

1.3Конкурстың мақсаты–ауылдықаумақтардыжәнехалықтыңазаматтықбелсенділігіндамытудыынталандыру.

1.4. Конкурстың міндеттері:

- қоршаған орта мен халық үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған халықтың қоғамдық игілікке ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру;

- ауылдық аумақтарды дамыту, елді мекендерде адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы орта қалыптастыру;

- халықтың тұтастығы мен бірлігі, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру және аға буынның белсенділігін арттыру;

- өскелең ұрпаққа дұрыс мінез-құлық үлгілерін көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жаман әдеттердің таралуына қарсы тұру;

 

  1. Конкурсты ұйымдастыру

 

2.1Конкурсөткізутуралыхабарландыружергіліктіатқарушыоргандардыңинтернет-ресурстарында, БАҚ-та жәнеәлеуметтікжелілерде оны өткізуден10 күнбұрын орналастырылады.

2.2. 2025 жылғы 11 тамыз сағат 09:00-ден бастап 2025 жылғы 30 тамыз сағат 18:30-ға дейін ----------------- электрондық поштаға конкурсқа қатысу өтінімдеррастайтынқұжаттармен елді мекентуралыбейнеролик қоса қабылданады.

Ескерту:соңғыконкурстабіріншіорын алған елді мекенкелесіжылыконкурсқақатысаалмайды.

  1. Конкурсты өткізу кезеңдері

 

3.1 I кезең – іріктеу 2025 жылғы 1-2 қыркүйек.

    II кезең – соңғы кезең. Қорытындысын жариялау, салтанатты марапаттау рәсімі.

3.2.Конкурсқақатысушылардыбағалауүшінкомиссияқұрылады. Комиссия құрамына Облыстық Маслихаттың, облыстық қоғамдық кенестың, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері, қоғам мен БАҚ өкілдері кіреді.

3.3.ШешімқабылдаукезіндедаулымәселелертуындағанжағдайдаКомиссиятөрағасыныңдауысышешуші болып табылады.

3.4. Комиссияхатшысыкомиссия қызметіне техникалыққызмет көрсетуді жүзеге асырады.

3.5. Комиссияныңотырыстарыоныңмүшелерініңжартысынанастамыныңқатысуымен заңды болыпсаналады.

3.6.КандидаттардыбағалауосыЕреженің4-тармағындабелгіленгенкритерийлербойыншажүзеге асырылады.

 

  1. Конкурс кандидаттарын бағалау критерийлері

 

4.1. «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы шеңберінде өткізілген іс-шаралардың үлесі (0-5 балл);

4.2. Елді мекенді көгалдандыру көрсеткіші (дендрологиялық жоспарлардың, жобалардың, схемалардың болуы және олардың орындалуы) (0-5 балл);

4.3. Елді мекенді абаттандыру көрсеткіші, сәулеттік және эстетикалық түрі (0-5 балл);

4.4. Елді мекенде тазалықты сақтау, қоғамдық орындардың жай-күйі мен пайдаланылуы (0-5 балл);

4.5. Елді мекеннің экологиялық жағдайы (0-5 балл);

4.6. Елді мекенді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз су, газдандыру, электр энергиясы, жарықтандыру, ағынды суларды басқару) (0-5 балл);

4.7. Көлік жолдарының жағдайы (0-5 балл);

4.8. Интернетке қосылу (0-5 балл);

4.9. Тіркелген қылмыстық істердің болмауы (0-5 балл);

4.10. Меценаттар есебінен салынған және жөнделген объектілердің саны (0-5 балл);

4.11. Демографиялық көрсеткішті арттыру (0-5 балл);

4.12. Ауылдық отбасылардың ажырасу көрсеткіші төмен (0-5 балл);

4.13. Халықтың жұмыссыздық деңгейі төмен (0-5 балл);

4.14. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауға және сұрыптауға арналған контейнерлердің болуы (0-5 балл);

4.15. ҚТҚ полигонының болуы және оның жай-күйі (стихиялық қоқыс үйінділерінің, қоршаулардың болуы) (0-5 балл);

4.16. Саябақтардың, гүлзарлардың, жасыл желектердің болуы және олардың жай-күйі (0-5 балл);

4.17. Экологиялық еріктілік (0-5 ұпай);

4.18. Әлеуметтік нысандардың болуы (білім, мәдениет, спорт, балаларға арналған ойын алаңдары) (0-5 балл);

4.19.Тұрғындардыңспорттықжетістіктерініңболуы(0-5балл).

 

  1. Конкурсты қорытындындылау, марапаттау

 

5.1. Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша әр номинация үшін бір бірден 3 жүлделі орын белгіленеді:

-тірек аулдар арасында жеңімпаз;

-спутниктік ауылдар арасында

- басқа ауылдардың арасында

5.2. Конкурс жеңімпазына ауылды дамыту жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірін іске асыруға аудандық әкімдіктен жүлде қоры беріледі. Қаражат қоғамдық демалыс аймағын, балалар немесе спорт алаңын жайластыруға, көгалдандыруға, сәулет нысандарын орнатуға не ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін өзге де іс-шараларға бағытталуы мүмкін.

5.3. Салтанатты марапаттау рәсімі қыркүйек айында өткізіледі.