2026 жылы ауқымды жол жұмыстары жалғасады

2026 жылы ауқымды жол жұмыстары жалғасады

2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталғалы бері Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдарда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы маусымның басты ерекшелігі – жол жамылғысының негізінен бастап жоғарғы қабатына дейінгі конструктивтік қабаттарды кезең-кезеңімен төсеуге басымдық берілуі. Бұл болашақ жолдардың сапасы мен ұзақ мерзімділігінің басты кепілі болмақ, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.
2026 жылы реконструкциялау аясында жалпы ұзындығы 321 км автожол 25 нысанда жөнделді. Оның ішінде 19-ы өткен жылдан өтпелі жоба болса, алтауы – жаңа нысан. Маусым айының басынан бастап негізгі жұмыстар жол жамылғысының көтергіш қабаттарын салуға бағытталды.
Жоспарлы және аяқталған жұмыстар шеңберінде 231 км учаскеде негіздің төменгі қабаты, 190 км учаскеде негіздің жоғарғы қабаты, 230 км учаскеде жол жамылғысының төменгі қабаты және 78 км учаскеде жол жамылғысының жоғарғы қабаты төселуде.
Сонымен қатар, биыл жалпы ұзындығы 3,7 мың км автожолда орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Бұл жұмыстар 124 нысанда жүзеге асырылады, оның ішінде 69-ы өтпелі, 55-і жаңа учаске.
Аталған жұмыстар аясында негізгі көлем жол жамылғысының көтергіш қабаттарын салуға тиесілі: маусым айының басынан бастап 1,1 мың км жолда негіз қабатын, 1,8 мың км жолда жамылғының төменгі қабатын және 2,4 мың км жолда жамылғының жоғарғы қабатын салу жоспарланып, жүзеге асырылуда.