Қазақстан көмір өндіру көлемін арттырып, жарты триллион теңгеге дейін инвестиция тартады

Қазақстан көмір өндіру көлемін арттырып, жарты триллион теңгеге дейін инвестиция тартады

Қазақстанның көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Сала көмір өндіру көлемінің тұрақты өсуін көрсетіп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті дамытуға ықпал етуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі 115 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 7%-ға жоғары. Ішкі тұтыну мен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге 85 млн тонна көмір бағытталса, экспорт көлемі 30 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Қазақстан көмірінің негізгі экспорттық бағыттары: Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Малайзия және басқа да елдер.
2026 жылы көмір өндіру көлемін 128,9 млн тонна деңгейінде жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта көмір өндіру қызметін 40 жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыруда.
Энергетика министрлігі көмір саласына инвестициялар тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылы келісімшарттарға сәйкес жұмыс бағдарламалары бойынша инвестициялар көлемі 305 млрд теңгені құрады, ал 2026 жылы шамамен 553 млрд теңге инвестиция тарту күтілуде.
Геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға ерекше назар аударылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін жер қойнауының 10 учаскесі бойынша көмір кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру жөнінде аукцион өткізу жоспарлануда.
Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдік көшбасшы елдердің қатарына кіреді және әлемде 10-орында тұр. Жалпы көмір қорының көлемі 33,6 млрд тоннаны құрайды, бұл қазіргі өндіру деңгейін сақтаған жағдайда елді 300 жылдан астам уақытқа ресурспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.