2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 92 кәсіпорны 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.