Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды

Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын, оның ішінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын орындау аясында негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.