Егіс науқаны-2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Егіс науқаны-2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер
Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, жаңа тәсілдер енгізді. Осы жылдан бастап шаруалар үшін жеңілдетілген несиелер 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді болды. Бұған дейін мұндай қаржыландыру наурыз айында – егіс науқаны басталған сәтте ғана қолжетімді болатын. Жаңа тәртіп шаруаларға қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.