
"Сарапшылардың болжамынша, алдағы 10 жылда әлемдік қызыл ет тұтыну 233 миллион тоннаға дейін артады. Қазақстан мұндай етті Бірінші кезекте Азия елдеріне ірі жеткізуші бола алар еді. Қой етінің экспорты бойынша Қазақстан әзірге Моңғолия, Нидерланды, Испания, Франция сияқты елдерден төмен. Бірақ бізде жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жоғары. Қой шаруашылығының экспорттық әлеуетін толық ашу үшін тиісті жағдайлар жасау қажет.
Жолдауда мен логистиканы, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттарды, сондай-ақ сауатты маркетингтік стратегияны ескере отырып, аграрлық экспортты дамыту жоспарын әзірлеу міндетін қойдым.
Мысалы, Парсы шығанағы мемлекеттері біздің ет өнімдерімізді жыл бойы тұрақты жеткізуге мүдделі. Бірақ бізде ауыл шаруашылығы өнімдерін авиатасымалдау үйлестірілмеген және тиісті түрде реттелмеген. Кәсіпкерлер көбінесе жүктерді жөнелту проблемасымен бір-біріне айналады.
Бүгін маған ет Әмірліктерге тұрақты рейстермен жіберілетіні туралы хабарланды. Бұл дұрыс емес шығар. Сонымен бірге Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау әуежайлары арнайы экономикалық аймақтар шеңберіндегі преференцияларды ескере отырып, логистикасы дамыған және халықаралық авиамаршруттарға интеграцияланған өңірлік хабтар болу үшін жеткілікті әлеуетке ие.
Олардың осындай сапада және режимде толыққанды жұмыс істеуі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттық нарықтарға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мәселені Үкімет мұқият пысықтауы керек".