
Аталған ЖПІШ-тің негізгі мақсаты — жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың құқықтық санасын арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер тарапынан бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, ЖПІШ өткізу кезеңінде жол қозғалысына қатысушылармен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын аталған іс-шараларға түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.