Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігінің құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл құрылым тек интернет алаяқтықты ашумен ғана емес, оның алдын алу, ұйымдастырушылық және заңнамалық реттеу шараларымен де айналысады. Аталған бөліністің жұмыс нәтижесімен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте департамент бастығы Жандос Сүйінбай бөлісті.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП