🔷"Профилактика" жылы және "Заң және тәртіп" қағидаты аясында өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылдануда.

🔷"Профилактика" жылы және "Заң және тәртіп" қағидаты аясында өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылдануда.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс жолдарында 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 540 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі — жылдамдықты асыру. Жылдың алғашқы төрт айында осы себеппен 23 апат тіркеліп, 3 адам көз жұмды, 34 адам жарақат алды.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында, өңірлік Полиция департаменті тарапынан алдын алу іс-шараларының кешені жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, "Заң және тәртіп" қағидаты шеңберінде облыс жолдарында заманауи "Ekin X-Spotter" құрылғыларымен жабдықталған қызметтік автокөліктер көмегімен патрульдеу ұйымдастырылды.

Бұл зияткерлік жүйелер Мемлекет басшысы мен ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша цифрландыру бағдарламасы аясында енгізілді. Олар жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Полиция департаменті барлық жүргізушілерді:жолда белгіленген жылдамдық режимін сақтауға,жол белгілері мен бағдаршам сигналдарына мән беруге және Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Есіңізде болсын: жол қауіпсіздігі – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Жүргізушілердің саналы және ұқыпты әрекеті — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығының кепілі.