Елімізде халықтың нақты табысы мен жұмыспен қамтылуы өсті

Елімізде халықтың нақты табысы мен жұмыспен қамтылуы өсті
Халықтың нақты табысы 0,1%-ға өсті, ал экономикадағы жалпы жұмыспен қамту 9,4 млн адамға жетті. Бұған жылдық инфляцияның баяулауы ықпал етті, ол маусым айында 10,3%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.