Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды
Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.