Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді. Бұл елдің аграрлық секторының жай-күйі туралы өзекті деректерді алуға бағытталған ауқымды статистикалық зерттеу.

Санақ ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі, өткізу мерзімі ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отырып, ҚР Үкіметімен бекітілген. Іс-шара екі кезеңде өтеді: онлайн-сауалнама және үй шаруашылықтарын аралап өту.

Онлайн-кезең 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында өтеді, онда респонденттер санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады.

20 қыркүйектен 20 қазанға дейін интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарына баратын болады.

Бұған дейін, 1-30 маусым аралығында респонденттердің тізімін нақтылау үшін өңіріміздің 5 қаласында (Арқалық қ., Лисаков қ., Рудный қ., Жітіқара қ,, Тобыл қ.) үй шаруашылықтарын алдын ала аралау (листинг) өтеді.

Қостанай ауданы санаққа 16 мыңнан астам үй шаруашылығы мен 800-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамту жоспарлануда.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылдық әкімдіктерде және аудандық статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылады. Кеңес алу үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтында sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне немесе 1446 байланыс орталығына жүгіне алады.