2025 жылдың 10 маусым күні сағ. 14:00-ден 17:00 аралығында Қостанай ауданы Заречное ауылында, Қостанай аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Заречный-Терроризмге қарсы -2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дерек көздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс -әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай аудандық жедел штабы