«Батырларға тағзым» порталында 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталған

«Батырларға тағзым» порталында 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталған
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Батырларға тағзым» онлайн-порталын толықтыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Жоба былтыр бастау алып, Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпаратты жеткізуге бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.