Үкіметте Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті

Үкіметте Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Ішкі істер, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрлері мен бірінші оқу-ағарту вице-министрінің Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ  ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдері туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.