Құрметті Қостанай ауданының тұрғындары!
📢 «Мерейлі отбасы–2026» жыл сайынғы ұлттық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау жарияланады!
Өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады.
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі (2021 жылғы 6 мамырдағы №306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы №904 өзгерістерімен).
Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін қалыптастыруға және отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Байқауға еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар қатыса алады.
Байқауға қатысуға өтінімдер Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгі бойынша қағаз немесе электрондық форматта аудандық комиссияға қабылданады. Қабылдаудың соңғы күні — 2026 жылғы 14 маусым.
Барлық сұрақтар бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-ге мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Школьная көшесі, 40, тел/факс 2-15-97, e-mail: kost-raion-ovp@mail.kz.
Белсенді қатысуға шақырамыз. Дәл сіздің отбасыңыз жеңімпаз атануы мүмкін!