Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1 300-ден астам тексеру жүргізді

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1 300-ден астам тексеру жүргізді
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1 356 тексеру жүргізді, оның 461-і жоспардан тыс, 558 – профилактикалық бақылау аясында, 337 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 701 ұйғарым берілді, 79,7 млн теңгеден астам сомаға 349 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.