«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 - бабы 4 - тармағына сәйкес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ішкі бақылауды іске асыру мақсатында, Қостанай ауданының әкімдігі Қостанай ауданы мемлекеттік мекемелерде, ауылдық округтер мен Тобыл қаласы әкімдерінің аппараттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін факторларды анықтау мақсатында әкімшілік рәсімдерді, ішкі процестерді, құқықтық актілерді, сондай - ақ өкілеттіктерді орындау тәжірибесін қоса алғанда, қызмет бағыттары бойынша жүргізіледі.
Талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі оларды жою жөнінде тиісті ұсыныстармен қалыптастырылатын болады.
Мүдделі тараптарды, оның ішінде жұртшылық өкілдерін және өзге де қатысушыларды Қостанай ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің, ауылдық округтер мен Тобыл қаласы әкімдерінің аппараттарының қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты ұсыныстар мен ескертулер беруге шақырамыз.
Талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 3 - 31 мамыр аралығында.
Байланыс тұлғасы: Финк Андрей Владимирович, Қостанай ауданы әкімі аппараты құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.
Электрондық мекенжай/телефон: a.fink@kostanay.gov.kz, 87084549407