Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде және Заречный, Мичурин жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған Іс-шаралар өтті. Кездесулерді Қостанай ауданы әкімдігінің "Ішкі саясат бөлімі" ММ тапсырысы бойынша "Қостанай ауданының тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту" жобасы аясында "Қостанай облысының психологтар қауымдастығы" қоғамдық қоры ұйымдастырды. Кездесулерге "Ақсақалдар кеңесі" мүшелері, колледж студенттері, мектеп оқушылары мен педагогтары қатысты. Теңдік, ынтымақтастық және бір - біріне деген құрмет бейбітшілік пен келісімнің негізі болып табылады. Қазақстандықтарды біріктіретін осы қағидаттар туралы біздің облысымызда танымал спикері, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, педагог және жазушы-Суслова Александра Ильинична жан-жақты айтып өтті. Бұдан басқа, Қазақстанда бейбітшілік пен келісім мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық мәдениеттер мен тілдерді сақтау мен дамытуға, сондай-ақ ел этностарының достығын нығайтудағы 30 жылдағы ҚХА қызметінің нәтижелеріне және қазақстандық қоғам үшін "Әртүрліліктегі бірлік" қағидатының маңыздылығына ерекше назар аударылды.