Бүгін аудан әкімі Нұрғалиев О.Ж. төрағалығымен 2025 жылғы көктемгі егіс науқанына дайындық жөнінде кеңес өтті

Бүгін аудан әкімі Нұрғалиев О.Ж. төрағалығымен 2025 жылғы көктемгі егіс науқанына дайындық жөнінде кеңес өтті

Егіс жұмыстарының басталуына бір айдан астам уақыт қалды, сондықтан қысқа мерзімде ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс.

📌 Негізгі басымдықтар:
✅ 362,6 мың га алқапқа егіс жүргізу, топырақты дайындау, ылғал жабу, тұқымды дәрілеу.
✅ Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және жөндеу.
✅ 5,4 мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен 254 тг/литр бөлінді.
✅ «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары арқылы қаржыландыру.
✅ 10 мың тонна минералды тыңайтқышты 60%-ға дейін субсидиялау.
✅ Мал басының өсуі: ірі қара, жылқы, қой және құс саны артып келеді.

🌱 Басты міндет – егіс жұмыстарын сапалы және уақтылы өткізу! Мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, құжаттарды уақытында тапсыру маңызды.

Көктем – ауыл шаруашылығы үшін шешуші кезең. Алдағы өнімнің негізін қалау үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажет.