
16 ауылдық округке сапардан кейін жергілікті тұрғындардан шамамен 80 сұрақ түсті, олардың негізінде 60-қа жуық тапсырма берілді.
📌Қазіргі уақытта 8 тапсырма орындалды, ал қалған 52-сі бақылауда тұр.
📊Жиналыс барысында атқарылған жұмыстың тиімділігі талданып, халықтың сұраныстарына жедел жауап беру үшін алдағы қадамдар айқындалды. Ауылдық округтердің әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшыларына жұмыстың нәтижелілігін арттыру бойынша қосымша ұсыныстар берілді.
✅Тапсырмалардың толық орындалуын қамтамасыз ету үшін бақылау жалғасады.