Таңжарықов Берік Қуанышұлы штаб отырысын өткізді

Таңжарықов Берік Қуанышұлы штаб отырысын өткізді

Таңжарықов Берік Қуанышұлы штаб отырысын өткізді, онда зардап шеккендерге төлемдер мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Үйлерінен айырылғандарға 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленуде. Сондай-ақ, Үкімет мүліктің ең аз қажетті жиынтығын өтеу туралы шешім қабылдады. Бұл газ немесе электр плитасы, шкаф, пеш, төсек, тоңазытқыш, теледидар және т.б. Бұл үшін әр отбасына өтемақы төленеді, 150 АЕК-тен аспайды. Зардап шеккендерге дайын тұрғын үй сатып алу, жаңасын салу немесе жөндеу жұмыстары арқылы көмек көрсету көзделген. Құны 22,8 млн теңге болатын 80 ш.м. үйдің үлгілік жобасы бекітілді.
ҚР Үкіметі саяжай үйлеріне қатысты шешім қабылдады: өтемақы төлеу және тұрғын үйді қалпына келтіру тек саяжайларда жыл бойы тұратын және бұл олардың жалғыз тұрғын үйі болған отбасыларға ғана жүзеге асырылатын болады. Мұндай шешім су тасқынынан болған орасан зор залалға байланысты қабылданды.