««Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы хабарландыру

««Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы  хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген өткізу қағидаларына сәйкес ұйымдастыру комитеті 2023 жылға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қажетті құжаттар қоса берілген нысан бойынша 2023 жылғы 15 маусымға дейін беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша: Школьная, 40 көшесінде орналасқан «Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ, тел/факс 2-15-97, e-mail kost-raion-ovp@mail.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болады.