Бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін "ауыл аманаты" жобасына старт берді.

Бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін "ауыл аманаты" жобасына старт берді.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚТАРҒА 2,5% ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛМЕК

 

Ауылды жетілдіріп, халқын жұмыспен қамту үшін қаржылай қолдау көрсету жеткіліксіз. Табысты одан әрі арттырудың жолын көрсету, жеке кәсіпкер ретінде дамуда кеңес беріп, қолдау көрсетіп отыру әлдеқайда тиімдірек болмақ. Міне, осы мақсатта үкімет бағдарлама түзіп те қойды. «Ауыл АМАНАТЫ» жобасының негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агро бизнеске барынша тарту, азық-түлік  қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу болып табылады. Ал, «AMANAT» партиясы осы бағдарламаны жүзеге асыруға қолдау танытып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын қолға алып отыр.

 

Ауыл халқы өздерінің табысын арттыруға бағытталған бағдарламаға оң көзқарас танытып, бұл бағытта өздерін қызықтырған сұрақтарын да алға тартты. Бұл әсіресе кооператив құруға қатысты болды. Мәселен, Біржан сал ауданы Сәуле ауылының тұрғыны Ғиззат Шолақовтың айтуынша, ауыл тұрғындарының барлығы бірдей кооператив құруға келіспеуі мүмкін. «Бағдарлама ауыл тұрғындарына өте пайдалы деп ойлаймын. 2,5%-бен несие алу тиімді. Кооперативке қосылудың да ұтымды тұстары бар. Бірақ оған бәрі бірдей біріккісі келмейді деп қорқамын. Қосылатын да, қосылмайтын да адамдар бар. Егер қосылатын адамдар қасымда болса, кооперативке кірер едім. Кемінде оның құрамында бес адам болу керек деп жатыр ғой», -дейді жеке кәсіпкерлікке бет бұрған Ғиззат Шолақов. Яғни, ол мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген азамат. «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы ауылшаруашылығына бет бұрып, бүгінде жылқы өсіріп, егін егуде. Ендігі ретте лизингкке техника алып, егістік алқабын кеңейтуді жоспарлап отыр.