Бүгін Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінде Қостанай ауданының әкімі Ж.Тәукеновтың Мичурин ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі есеп беру кездесуі өтті

Бүгін Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінде Қостанай ауданының әкімі Ж.Тәукеновтың Мичурин ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі есеп беру кездесуі өтті

Бүгін Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінде Қостанай ауданының әкімі Ж.Тәукеновтың Мичурин ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуге аудан прокуроры Е.Сәрсенов, Қостанай ауданы ББ ОМТС бастығы полиция подполковнигі Ж.Кенебаев, РЭҚ өкілдері, Қостанай ауданы әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Б.Жұмағалиев 2022 жылы атқарылған жұмыстар және 2023 жылға арналған округтің даму перспективалары тұралы ақпаратпен сөз сөйледі.
Округ тұрғындары сумен жабдықтау, газдандыру, жарықтандыру, ЖТС үшін жер телімдерін бөлу, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Көптеген сұрақтарға толық жауаптар берілді, сондай-ақ аудан әкімі Ж.Тәукенов ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес шешімдерді зерделеу және қабылдау үшін сәйкес бөлімдерге және ауылдық округ әкіміне тапсырмалар берді.
Кездесу соңында «Курьер Казахстана» газетінің редакторы С. Харченко, зейнеткер, педагогикалық еңбек ардагері Қ.Нұрсейіт, зейнеткер Ә. Жақсыбеков сөз сөйледі, аудан әкімі Ж.Тәукеновке округтің көптеген мәселелерін жоспарлы түрде шешіп, жедел назары үшін алғыстарын білдірді.