Тоқаев Президент сайлауы күнін белгіледі

Тоқаев Президент сайлауы күнін белгіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау еліміздің саяси жүйесін кезең-кезеңімен қайта жаңғыртуды бастайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкімет кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтар тізімдерінің уақтылы жасалуын және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты жәрдем көрсетсін.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елде қайта сайлау құқығынсыз бір мәрте Президенттік мерзім енгізуді көздейтін түзетулерге қол қойған болатын.

1 қыркүйекте Президент осы күзде кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынды.

Тоқаев айтқандай, әділ Қазақстанды құру жолында кешенді реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенімді мандаты қажет.