Қүзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын беру

Қүзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын беру

Жылу-электрэнергиясын тұтынушылардың назарына жыл сайын жылыту маусымы басталар алдында өңірдің энергия кәсіпорындары күзгі-қысқы кезеңге (бұданәрі - КҚК) әзірлік паспортын алатынын жеткіземіз,жыл сайын берілетін энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың, сондай-ақ барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын құжат.

КҚК әзірлік паспортын беру Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органы мен оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өңірлердің жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын айқындайды(бұдан әрі- Қағидалар).

Оларға сәйкес жыл сайын әзірлік актісін дайындау үшін, қызметті алушылар күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлікті Бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының комиссиясын (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы) құрады және ол 1 (бірінші) тамыздан бастап жұмыс істей бастайды.

Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына Көрсетілетін қызметті алушының жауапты лауазымды адамдары, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері Заңмен белгіленген құзыреті бойынша кіреді.

Комиссия жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Әзірлік актісін дайындау үшін дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері комиссияның отырысына қатыса алады.

Жұмыс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы Әзірлік актісін ресімдейді және оған барлық мүшелер қол қояды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық болып табылады,энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғанда дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алуға өтініш;

2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі – қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі- Әзірлік актісі);

3) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;

4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес,Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы немесе әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

Құжаттар топтамасын, қорытындыны қарау және тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) Әзірлік паспорты берілсін;

2) Әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;

3) Әзірлік паспортын беруден бас тартылсын.

Жаңа өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін Әзірлік паспортын алу мерзімі – жыл сайын 19 (он тоғызыншы) қазанға дейін (қоса алғанда). Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын Көрсетілетін қызметті беруші Шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағым жібермейді.

Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Энергия кәсіпорнының Әзірлік паспортын алу мерзімі бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 301-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-300 АЕК айыппұл салынады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 100АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне -             200АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.