Бұл туралы бүгін, 08 шілде күні облыс әкімінің қатысуымен өткен отырыста ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев хабарлады.
Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыстың қызмет көрсетуші органдары 4 млн.770 мыңнан астам қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық түрде 4 млн. 706 мың қызмет көрсетілді.
Көрсетілген қызметтердің жалпы саны 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 619 мыңға өсті, мысалы 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 4 млн.151 мың қызмет көрсетілді.
Электрондық қызметтер санының өсуі 2021 жылдың талданып отырған кезеңімен салыстырғанда 8,6% - ды құрады.
"Жаңа мемлекеттік басқару және бюрократиясыздандыру жағдайында мемлекеттік қызметтерді көрсетуде белсенді тәсілдер мен бұл үдерістерді автоматтандыру басым міндеттердің бірі болып қала береді. Қызмет көрсету сапасының маңызды көрсеткіші, бұрынғысынша, оларды көрсетудің барынша қысқа мерзімі болып табылады", - деп атап өтті Азамат Кашиев.
Осыған байланысты Басқарма Облыстың мемлекеттік қызмет істері Департаментімен және қызмет көрсетуші органдармен бірлесіп тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бойынша жұмыс жүргізуде.