Қостанай ауданында иммигранттар жұмысқа рұқсатты қалай алады?

Қостанай ауданында иммигранттар жұмысқа рұқсатты қалай алады?

"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - өтініш түскен күнді есептемегенде               2 жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін, жеке тұлға – еңбек иммигранты алдымен тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-на ұсыну қажет:

- еңбек иммигрантына рұқсат беру туралы өтініш;
- жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек;
- мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар төлқұжат;
- таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама (075/у нысанындағы медициналық анықтама);
- дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама;

- медициналық сақтандыру;
        - "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру" проактивті мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты.

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын жері бойынша ХҚКО жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін:
           - еңбек иммигрантына рұқсатты ұзарту туралы өтініш;
           - жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек;
           - еңбек иммигрантына бұрын берілген рұқсат;
           - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты;
          - медициналық сақтандыру.

         Жеке тұлғадағы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбек иммигрантына рұқсат, сондай-ақ рұқсатты ұзарту өтініште көрсетілген мерзімге беріледі және бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.

Назар аударыңыз!!!

Иммигрант рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсатты «ұзарту» туралы өтініш беруге құқылы.

Өтініш рұқсат беру аяқталған күні немесе рұқсат беру мерзімі аяқталғаннан кейін берілген жағдайда өтініш беруші үшін "ұзарту" түрі бойынша қызмет қолжетімсіз болады.

 

 

Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ