Партиялық бақылау

Партиялық бақылау

«Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделерін жүзеге асыру – партияның аудандық филиалдары жұмысының басты бағыты. Осыған байланысты, бүгін партияның Қостанай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Ж. Таукеновтың басшылығымен "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!"2021 жылы және келесі жылға міндеттер анықталды.

Ағымдағы жылы ауданда 75 іс-шара іске асырылса, келесі жылы 80 іс-шара жоспарланған. Олардың барлығы ауданның экономикалық әлеуетін дамытуға, халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуге, өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасауға, әлеуметтік саланы дамытуға және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Воскресеновка ауылында 9 пәтердің кілті табысталады, ҚР Тәуелсіздік күніне орай Белозерка, Майкөл, Шеминовка және Алтынсарин ауылдарында сумен жабдықтауды енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ Бюро отырысында «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша аудандық Жол картасының орындалу барысы қаралды. Бюро мүшелері мен мемлекеттік органдар басшыларының сындарлы диалогы біздің ауданда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша міндеттер мен бастамалардың жаңа спектрін анықтады.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі Ж.Таукенов ауданның Жол карталарын одан әрі іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

2021 жылғы 26 қарашада "Nur Otan" партиясының Қостанай аудандық филиалында аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Ж.Таукеновтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтіп, онда Елбасының "Мемлекеттіліктің жеті бекеті" бағдарламалық құжаты талқыланды.

Бюро мүшелері мемлекеттіліктің одан әрі нығаюы үшін қоғамда бірлік, келісім, жалпыға ортақ еңбек қоғамы, отбасы институты, ұлттық салт-дәстүр қағидаттарын тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің міндеті – саяси тұғырнамамызға тән партия құндылықтары төңірегінде азаматтарымызды біріктіруге көмектесу. Олар – Адамгершілік, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділеттілік, Ынтымақ, Болашаққа ұмтылыс, Отбасы және дәстүр.

Біздің күнделікті жұмысымыз облыс тұрғындарының мүддесін қорғауға, аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған болатын және солай бола бермек.