Қостанай ауданының жастарымен деструктивті ықпалға қарсы әрекет ету туралы әңгіме қозғалды

Қостанай ауданының жастарымен деструктивті ықпалға қарсы әрекет ету туралы әңгіме қозғалды

18 қараша күні Садчиков пен Жамбыл ауылдарынан шыққан жастармен діни сауаттылықты арттыру мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша кездесулер өтті.

Діни экстремизмнің алдын алу бойынша облыстық АТТ мүшесі Юлия Калюжная деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы туралы айтып өтті. Кеңес беру тәжірибесінен алынған мысалдармен бөлісті, деструктивті ықпалға түскен адамдардың отбасыларына, олардың мүшелеріне қалай әсер еткенін, адамның оған жақын адардармен байланысы қалай тез бұзылатынын және құндылықтарының өзгеретінін айтты. 

Бейне фрагменттерден жоғары сынып оқушылары теріс діни ұйымдардың қызметіне қатысудың негативті салдарлары туралы, олардың адамның жеке тұлғасына және қоғамға қалай әсер ететінін, Қазақстан аумағында қандай ұйымдардың қызметіне тыйым салынғанын білді.

Кездесудің қатысушылары ғаламтор-уағыздаушылардың ықпалынан өздерін қорғай алатын әлеуметтік желілердегі сақтық шаралары туралы білді.

 

Аталмыш іс-шара Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.