Салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде визуалды тексеру жүргізу

Салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде визуалды тексеру жүргізу

Салық кодексінің 68-бабы 1-1-тармақшасына сәйкес салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.

        Бұл ретте пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) жүзеге асырылатын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) қағидалары мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

        Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 1232 бұйрығымен "Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары " (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.

        Ережеге сәйкес, салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы арнайы бейнебақылау және (немесе) фотоға түсіру құралдарын қолданумен қарап тексеру нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны шолып тексеру болып табылады.

Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып, әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік кірістер органы қалыптастратын штрих-код (QR-коды) пайдаланылады.

 Шолып тексеруді жүргізе отырып, салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба Қазақстан Республикасында жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге (бұдан әрі – салық төлеушілер) қолданылады.

Салық төлеушілер шолып тексеруді жүргізе отырып салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаның басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, бұл ретте егер жеке немесе заңды тұлға Қағидалардың қолданысқа енгізілгеннен кейiн құрылған болса, онда құрылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-портал арқылы (https://kgd.gov.kz) белсенді терезеде жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН/БСН), бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – БКМ) тіркеу нөмірін енгізу, "код құру" деген батырманы басу және басып шығару жолымен штрих-кодты (QR-кодты) алады;

2) БКМ орналастырылған жерде штрих-кодты (QR-кодты) орналастырады;

штрих-код (QR-код) мынадай ақпаратты:

 ЖСН/БСН;

          салық төлеушінің толық атауын;

          салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайын;

алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауын;

          БКМ тіркеу нөмірін;

салық төлеушінің мәртебесін (әрекет, әрекетсіз, қызметті тоқтата тұру) қамтиды.

 

 

Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы