Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өз қалауы бойынша жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде өтініш береді.

Қайталама куәліктер өздеріне қатысты азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасалған адамдарға беріледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес берілген сенімхат болған кезде қайталама куәлік заңды өкілге беріледі.

Он алты жасқа дейінгі балалардың туу туралы қайталама куәліктері ата - аналарына, қамқоршыларына, бала асырап алушыларына беріледі. Он алты жастан асқан, бірақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата - анасының біреуінің не қамқоршысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайталама куәліктер беріледі.

Қайтыс болу туралы қайталама куәліктер қайтыс болған адамның жақын туыстарына, оның мұрагерлерінің аясына кіретін басқа да адамдарға беріледі. Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік ісі бар нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін он алты жастан бастап кез келген тіркеуші орган береді. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса, некені бұзу туралы куәліктің немесе қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.

2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес бала асырап алуды және әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу алып тасталды.

Осылайша, әке болуды анықтау туралы растайтын құжатты алу қажет болған жағдайда, өзгеріс енгізу негізі көрсетілген туу туралы анықтама беріледі.

«Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ АХАТ бөлімі