Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

Халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету  тәртібі

«Халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  қызметтерді  көрсетудің  кейбір  мәселелері  туралы»   ҚР  ДМ  2020  жылғы  30.12. № ДСМ-336/2020  бұйрығымен     халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы   мемлекеттік  бақылау  мен қадағалауға жататын азық-түлік  өнімдерін өндіретін  объектілерге есеп нөмірлерін беру, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды шығару бойынша мемлекеттік  қызмет көрсету  ережесі бекітілді: Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған өнімді мемлекеттік тіркеу,I-IV патогендік топ пен гельминттердің микроорганизмдерімен жұмысқа рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету.

            Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы  арқылы  көрсетіледі. Объектілер мен жобаларға  санитариялық-эпидемиологиялық  қорытынды  беру  бойынша  мемлекеттік қызмет көрсету  мерзімі  10 (он) жұмыс күні, тіркеу нөмірі  бойынша-5 (бес)  жұмыс күні. Қызмет  тегін  көрсетіледі. Қызмет  алушы  өтініш береді, құжаттарын  тіркейді.

       «Халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы   мемлекеттік  бақылау  мен қадағалауға жататын азық-түлік  өнімдерін өндіретін  объектілерге есеп нөмірлерін беру, олардың  реестрлерін жүргізу»  ережесіне сәйкес  санитарлық-эпидемиологиялық  қорытынды  беру  мемлекеттік қызметін «  халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  бақылау  мен  қадағалауға  жататын  тамақ өнімдерін өндіру  объектісіне  есеп нөмірін беру» мемлекеттік қызметімен  бірге алуға  болады.

      Қызмет алушы  толық  емес  немесе мерзімі  өтіп кеткен  құжаттарды  әкелген  жағдайда  мемлекеттік қызметші өтінішті  әрі  қарай қарау бойынша дәлелді  бас  тарту құжаттарын әзірлейді.

       Қызмет беруші  басшысының  электронды цифрлы  қолы қойылған  өтінішті  әрі  қарай қарау бойынша дәлелді  бас  тарту құжаты электронды  құжат түрінде қызмет алушыға  жолданады.

        Қызмет алушы  толық түрдегі  құжаттарды  ұсынған уақытта  қызмет берушінің  құрылымдық бөлімшесінің  жауапты  қызметкері    құжаттарды қарайды, объектінің мемлекеттік  жүйенің  санитарлық-эпидемиологиялық   нормасы  құжаты талаптарына сайлылығын  тексереді, объектіні тексерудің санитарлық-эпидемиологиялық   актісін ресімдейді.Мемлекеттік қызмет көрсету  нәтижесі-бір өтініш-санитарлық-эпидемиологиялық   қорытынды  және  объектіге  есеп нөмірін беру  немесе  оны көрсету бойынша дәлелді түрдегі бас тарту.

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы   қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен табиғи факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері,жаңа  шикізат және  өнім  бойынша  нормативтік құжаттама жобаларының   сәйкестігі  туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін   қызмет «бір өтініш» принципінде  көрсетіледі. Өтініш портал  арқылы  келсе,  қызмет алушының  «жеке кабинетіне» сұраныс  мемлекеттік қызмет түрінде  алынғандығы туралы  статус, сол секілді мемлекеттік қызмет  нәтижесін алатын  күн  мерзімі мен уақыты  көрсетілген хабарлама жіберіледі.

     Қызмет беруші  басшысының  электронды цифрлы  қолы қойылған  өтінішті  әрі  қарай қарау бойынша дәлелді  бас  тарту құжаты электронды  құжат түрінде қызмет алушыға  жолданады.

     Қызмет алушы  толық түрдегі  құжаттарды  ұсынған уақытта  қызмет беруші   ұсынылған  құжаттарға  санитарлық-эпидемиологиялық   сараптама жасайды. Қорытынды оң болған жағдайда  санитарлық-эпидемиологиялық   қорытынды әзірлейді  және береді, теріс қорытынды болғанда   белгіленген мерзімде   қызмет алушыға  санитарлық-эпидемиологиялық   қорытынды  түрінде дәлелді  түрдегі бас тарту  құжатын жібереді. 

      Қызмет алушы  шешіммен  келіспеген уақытта  арыздана алады.