Ойын арқылы құқықтық білімге: Мичурин ЖБМ оқушылары құқықтық квест-ойынның қатысушысы болды

Ойын арқылы құқықтық білімге:  Мичурин ЖБМ оқушылары құқықтық квест-ойынның қатысушысы болды

7 қазан күні Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының психологиялық орталығының инспектор-психологтары  Дархан Байбулов мен Юлия Хайбрахманова «Заң аймағы» акциясының шеңберінде «Сенің таңдауын – сенің болашағын» атты қорытынды құқықтық квест-ойының жүргізді. Акция жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, белсенді азаматтық позицияны мен жауапкершілікті қалыптастыруға бағыттылған. Құқықтық жағдайларды талдап, инструкторлардың тапсырималарын орындай отырып, балалар өздерінің құқықтары мен міндеттерін, заңи терминдерді зерделеді, ал қылмыстық кодекстен басқа адамдардың құқықтарын бұзғаны үшін болатын жауапкершілік туралы білді. Тапсырманы сәтті орындағаннан кейін балалар өздері іздеген спорт мен демалыспен байланысқан ұтыстар оларға нағыз тосынсый болды. Ең белсенді деген қатысушылар мадақтама грамоталарымен мадақталды.

Ал квест Кристина Снегирь басшылығымен «Эврика» хореографиялық ұжымымен қойылған флэшмобпен және спорттық жарыспен аяқталды.

 

Аталмыш іс-шара Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.