4 қазан күні Заречный мектеп-лицейінің базасында жастармен кездесу өткізілді. А.Байтұрсынов атындағы ҚАУ профессоры, саясаттанушы Г.И. Шаймерден президент Қазақстан халқына өзінің жолдауында айтқан міндеттер туралы сөз қозғады. Ол сонымен қатар жолдаудың неге бағытталғанын, тұрғындардың әл-ауқатын қалай көтеруге және пандемияға байланысты пайда болған мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін Президенттің жаңа бастамалары неге бағытталғанын айтып өтті. Ауыл шаруашылық саланы дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, жұмысқа орналастыру, тұрғын – үй мәселелерін шешу – осы сұрақтарды Г.Шаймерден қозғаған болатын және жастарды елде болып жатқан процесстерге қызығушылық танытуға, азаматтық позицияны және позитивті бастамаларды ұстануға шақырды. «Билік халықтың конструктивті сұраныстарын тыңдаған кезде, ал халық азаматтық позицияны білдірсе, өзінің құқықтық сауаттылғын арттыратын болса, онда өмірдің жоғары деңгейіне жылжу, әлемнің аренасында еліміздің жоғары позициясына жылжуға мүмкіндігіміз болар- деді ол. – Біздің еліміз 15-20 жылдан кейін қандай болатыны біздерге, яғни жастарға байланысты.
Аталмыш іс-шара Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.